
Көлеңкелі экономика үлесін азайтуға қарсы жұргізілген іс шаралар барысында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен аудандық полиция бөлімі және Қармақшы аудандық «Нұр Отан» ХДП партиясының филиалы өкілдерімен бірлесіп жүргізілген тақырыптық тексеру барысында, ауданда орналасқан сауда үйі қоймасынан ілеспе жүк құжаттарынсыз заңсыз сақтауда тұрған 4 556 дана 1 791 900 теңге алкоголь өнімдері анықталды.
Бүгінгі күнге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Құқық бұзушылық сипаты мен тұлғалардың жауапкершілігін сот шешетін болады.
Қызылорда облысы бойынша МКД