Date of publication: 18.02.2020 17:12
Date of changing: 18.02.2020 17:13

           Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияны    резидент-салық төлеушілер, соның ішінде:

  есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша

-ҚР  шегінен тыс жердегі  көздерден кірістер алған жеке тұлғалар;

- ҚР шегінен тыс жердегі шетел банктеріндегі банктік шоттарында есепті жылдың айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар (2019 жыл үшін  356 025 тенге) ҚР азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар   адамдар;

- меншік құқығында мынадай мүлік бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар:

            шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге  жататын  жылжымайтын мүлік;

           эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар;

           Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар тұлғалар тапсырады.

          Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00 нысаны) тұрғылықты жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылады.

          Салық кодексіне сәйкес  жеке табыс салығы бойынша декларация тиісті салық органдарына

1) келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – қағаз жеткізгіште;

3) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсына аласыз.

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

Өндірістік емес төлемдер басқармасы