Date of publication: 20.02.2020 18:00
Date of changing: 20.02.2020 18:02

         Салық Кодексінің 116-бабы 8-тармағы «Өсімпұлды есепке жазуды қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен кем салықтық берешегі бар салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты қолданылмайды», - деген бөлігі 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап алынып тасталды.

            2020 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық төлеушінің кабинеті» жүйесіне салық берешегін уақтылы төлемеген жағдайда хабарлама қалыптастыру, шоттарды, касса мен мүлікке шектеу қоюды автоматты түрде қалыптастыру функциясы енгізілді. Яғни,  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 118, 119, 120-баптарында көзделген мүлікті шектеу және Салық кодексінің 118-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджетке салықтық берешегі төленбеген жағдайда банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, салық төлеушіге (салық агентіне) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес  тәртіппен реттеледі. 
            Бюджетке салықтық берешегі төленбеген жағдайда банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру,  келесі санаттармен жүзеге асырылады:

- тәуекелдің жоғары деңгейі, - салық қарызын өтеу туралы хабарлама жіберілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кейін;

- тәуекелдің орташа деңгейі - салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап он жұмыс күнінен кейін;

            Салық кодексінің 120-бабының 1-тармағына сүйене отырып, салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуді осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім негізінде мынадай жағдайларда шектейді:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес салық берешегін:
- тәуекелдің жоғары деңгейі - салық қарызын өтеу туралы хабарлама жіберілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кейін;
- орташа тәуекел - салық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кейін;
2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы, бюджетке төленетін төлемдер, өсімпұлдар мен есептелген салықтардың сомасы туралы мәліметтері бар, сондай-ақ бюджеттен қайтарылған және қайтарылуы расталмаған қосымша құн салығының асып кеткен сомасы бар мәлімдемелер.
            Осылайша, егер тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған компанияның кез-келген қарызы үшін жеке шотқа хабарлама шығарылады және бір жұмыс күні ішінде қаражат пен мүлікке толық көлемде иелік етуге шектеу қойылады.
            Егер тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған компанияның кез-келген берешегі болса жеке есепшотқа хабарлама жасалып және ақшалай қаражатқа он жұмыс күнінен кейін, ал мүлікке шектеу хабарлама берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кейін қойылады.
Осы баптардың мәнінен байқағанымыздай, салық органдары мен салық төлеушілердің кабинеттік жүйесі мұндай жедел реакция орташа және жоғары салық тәуекелі бар субъектілерге қатысты. Бағалау жүйесіде тәуекел деңгейі төмен санатты салық төлеушілерге бұл ережелер қолданылмайды.
            Осыған орай, Сіздердің назарыңызды салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің белгіленген тәртібіне, сондай-ақ салық төлеуші кабинетінің жаңартылған функционалына аударғымыз келеді.
Сондай-ақ, салық есептілігін ұсыну кезінде салық берешегі пайда болуының алдын алу үшін салық төлеушінің жеке шоты бойынша деректерді тексеруді ұсынамыз.Егер салық төлеушінің осы жеке шотында салық есебінде көрсетілген салықтарды жабу үшін қаражат жеткіліксіз болса, сізге салық
 тәуекелінің жоғары немесе орташа санатында хабарламаны алып мүлік пен ақшалай қаражатты пайдалануда шектеу және өсімпұлдың пайда болу ықтималдығын жою үшін салықтарды алдын ала төлеу ұсынылады.

Берешектермен жұмыс

басқармасының басшысы

                                      Б.Ақжігіт