Date of publication: 24.02.2020 16:58
Date of changing: 24.02.2020 17:01

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – жүйе) кеден ісі саласындағы тізілім қызметін (уақытша сақтау қоймалары, өз тауарларын сақтау қоймалары,еркін қоймалар, кеден қоймалары,бажсыз сауда дүкендеріиелерінің, кедендік тасымалдаушылардың, кеден өкілдерінің,уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімдеріне,зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу рәсімі)автоматтандыру бойынша жұмыстарды аяқтауда.

Тізілімге енгізуге арналған өтініштерді электрондық нысанда қабылдауды бастайтын күні туралы ақпарат қосымша орналастырылатын болады.

Осыған байланысты ақпараттық жүйесімен алдын ала танысу мақсатымен:

  • http://eokno.gov.kz/ақпараттық жүйеде тіркеуден өтуді (нұсқаулық қоса берілген)
  • Ақпараттық жүйенің контентімен танысуды
  • Тізілімге енгізу процесі бойынша пайдаланушының нұсқаулығын (электрондық нысанда өтінішті толтыру, оны мемлекеттік кірістер органдарына беру) зерделеудіұсынамыз.Нұсқаулар онлайн-оқу салымындаhttp://eokno.gov.kz/сайтыныңнегізгі бетінде орналасқан

 

Мына:

  • жүйеде тіркелумен байланысты сұрақтар бойынша 87172-717980 телефоны бойынша Әубәкіров Әділбек Ғабдулвахитұлына;
  • өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша:

87172-717904  Тощевикова Оксана Александровнаға(УСҚ, ӨТСҚ, ЕҚ, КҚиелерініңтізілімдеріне енгізу);

87172-718381 Байманова Әсемгүл Маратқызына (БСД иелерінің, кедендік тасымалдаушылардың, кеден өкілдерінің тізілімдеріне енгізу);

87172-718261 Жабағыбаева Диана Арманқызына, 717301Мырзағали Болат Мырзағалиұлына (зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу);

87172-717070 Секенов Жандос Еркебұланұлына (уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу) жүгінуге болады.

 

Қызылорда облысы бойынша МКД