Date of publication: 19.04.2016 11:52
Date of changing: 19.04.2016 12:29

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына!

 

            Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылдың 3 сәуіріндегі №257 Бұйрығына сәйкес, мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы төленушінің жазбаша өтініші бойынша жылына бір рет кедендік баждар, салықтар, алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін жасай отырып, жеке шоттар бойынша деректерді салыстыруды жүргізеді.

Осыған орай, департаменттің қызмет ету аясындағы барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды департаментпен кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша салыстыру актілерін жүргізуді сұраймыз.

Толық ақпаратты 23-88-10 телефоны арқылы алуға болады.

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті