
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде «медициналық қызметтерді тұтынушының» бір реттік, уақытша мәртебе беру тәртібі
Микро, шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс берушілері және жеке практикамен айналысатын адамдар ай сайын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, төлемнен босатылған адамдардың тізімін есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынады.
Мемлекеттік кірістер Комитетінің https://msb.fms.kz/loginсайтына кіріп, тізімде БСН арқылы өз мекемесін табу қажет (БСН болмаған жағдайда, аталған тізімде тіркелуі мүмкін емес, бұл жағдайда тиісті мәліметтерді «МӘМС» МЕАҚ жолдау үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну керек).
Осыдан кейін, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы Қордың ақпараттық жүйесіне тіркеледі. Тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін жұмыс берушілер және жеке практикамен айналысатын (не уәкілетті тұлғалар), төлеуден босатылған тұлғалардың шынайы мәліметтерін (ЖСН) ұсыну мақсатында пайдаланушылық келісімдерге міндетті түрде қол қояды.
Әрі қарай, төлеуден босатылған тұлғалардың ЖСН енгізіледі. Бұл мәліметтерді Excel форматтағы бір файлмен немесе әр жұмысшыға бөлек енгізуге болады. Бұл мәліметтерді қайталап енгізуі міндетті емес, тек жаңарту қажет.
Егер де, орта немесе шағын бизнес мекемесінің жұмысшысы медициналық мекемесіне келіп, қандай да бір себептермен МӘМС шеңберінде медициналық көмек алуына кедергілер бар екенін анықтаса, оның Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жүйеде тіркелуіне мүмкіндігі бар.
Ол үшін, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын смартфонға жүктеп, қосымшада электрондық мекен-жайын, аты-жөнін, ЖСН мен ұялы телефон номерін көрсете отырып, тіркелу қажет. Осыдан кейін өтініш жазылады: «Мен ШОБ жұмыс жасаймын. ШОБ иесі салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылған, алайда маған қатысты мәліметтерді әлеуметтік сақтандыру Қорына жолдамаған». Әрі қарай, мекеменің БСН, жұмыс берушінің және өзінің ЖСН көрсетіп, осы мекемеде жұмыс жасайтыны туралы дәлелдейтін құжатты тіркейді (тағайындау туралы бұйрығы немесе еңбек келісім шарты болуы мүмкін). 30 минут ішінде байланыс орталығының операторлары бұл мәліметтерді тексеріп, көрсетілген мекеме салықтардан босатылған ШОБ субъектілердің тізімдерінде бар-жоғын анықтайды. Сәйкестіктер анықталған жағдайда, бұл тұлғаға сақтандырылу туралы «уақытша» мәртебесі беріледі.