Берешекті қайта құрылымдау рәсіміндегі
борышкердің құқықтары мен міндеттері
ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) басты мақсаты - кәсіпкерді экономикалық буын ретінде сақтап қалу үшін оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру екенін атап өту керек. Кез келген кәсіпорынды құру үшін елеулі материалдық, уақыттық, интеллектуалдық ресурстар жұмсалады. Жұмыс жасап отырған кәсіпорынның активтік құны, оның банкроттық кезінде активтерін бөліп сату кезіндегі құнынан әлдеқайда қымбат екені мәлім.
Сонымен қатар, борышкер, әдетте, сауда-өндірістік буынның қатысушысы болып табылады және оның контрагенттерінің (жеткізушілер, сатып алушылар, клиенттер, құрылтайшылар) қалыпты жұмысы онымен тығыз байланысты. Шаруашылық айналымға қатысушылардың әрқайсысы жұмыс беруші, салық төлеуші болуына байланысты әлеуметтік тұрақтылық пен мемлекеттік бюджеттің көлемі де олардың қаржылық жағдайларына байланысты болады.
Осыған орай, әр бір борышкер өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында, Заңның 28 бабына сәйкес, берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдануға құқығы бар. Осы Заңда берешекті қайта құрылымдау рәсіміндегі борышкерлердің құқықтары мен міндеттері айқындалған.
Борышкер құқылы:
1. Егер Заңда өзгеше белгіленбесе, борышкер оңалту немесе банкроттық туралы сот қозғаған істер болмаған жағдайда, осы Заңның 5-1-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын уақытша төлем қабілетсіздігі туындаған кезде өз берешегін қайта құрылымдау туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. Борышкер уақытша төлем қабілетсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, берешекті қайта құрылымдау туралы өтінішпен сотқа жүгінеді. Борышкер сотқа өтініш берген кезде бір мезгілде кредиторларды хабардар етеді.
Бұл ретте егер:
берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы сот
ұйғарымы заңды күшіне енген;
берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасаспаған жағдайда осы Заңның 28-3-бабының 1-тармағында көрсетілген, яғни берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, борышкер барлық кредиторлармен берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасасу мерзімі екі ай аяқталған күннен бастап бір жыл өтпесе, борышкердің сотқа осындай өтінішпен жүгінуге құқығы жоқ.
3. Сот борышкердің берешекті қайта құрылымдау туралы өтініші қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мына шешімдердің бірін шығарады:
1) берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы;
2) берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолданудан бас тарту туралы.
Борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігін куәландыратын құжаттарды ұсынбауы не оңалту немесе банкроттық туралы сот қозғаған істердің болуы борышкердің берешегін қайта құрылымдау рәсімін қолданудан соттың бас тартуына негіз болып табылады.
4. Берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы сот шешімі дереу орындауға жатады.
5. Борышкер сот қабылдаған шешім туралы уәкілетті органды және кредиторларды дереу хабардар етеді.
6. Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде борышкерге қатысты берешекті қайта құрылымдау рәсімі қолданылғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
Борышкер міндетті:
1. Берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде борышкер барлық кредиторлармен берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасасуға міндетті.
2. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімде келісімнің шарттары, борышкердің кредитор (кредиторлар) алдындағы міндеттемелерін орындау тәртібі, тәсілдері мен мерзімдері туралы ережелер қамтылуға тиіс.
Берешекті қайта құрылымдау туралы келісім үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
2-1. Егер берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасалған кезде мемлекеттік орган кредиторлардың бірі болып әрекет етсе, берешекті қайта құрылымдау туралы келісім мұндай мемлекеттік орган алдында берешекті бөліп өтеу шарттарымен келісім бекітілген күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
Салықтық берешек осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақталған жағдайда борышкердің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлік кепілімен және (немесе) банктің кепілдігімен өтеледі.
Кепілге берілетін мүлік өтімді, жоғалудан немесе бүлінуден сақтандырылған болуға тиіс және оның нарықтық құны салықтық берешек сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар:
1) тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
2) энергияның электр, жылу және өзге де түрлері;
3) тыйым салынған мүлік;
4) мемлекеттік органдар салған шектеулері бар мүлік;
5) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
6) тез бұзылатын шикізат, тамақ өнімдері кепіл нысанасы болмайды.
3. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімде көзделген құқықтар мен міндеттерді өзіне қабылдайтын үшінші тұлғалардың берешекті қайта құрылымдау туралы келісімге қатысуына рұқсат беріледі.
4. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісім:
1) борышкер міндеттемелерінің орындалуын кейінге қалдыру және (немесе) мерзімін ұзарту;
2) борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беру;
3) борышты толық немесе ішінара кешіру;
4) тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептен шығару;
5) алынған қарыздар бойынша сыйақы мөлшерін азайту;
6) кредитордың (кредиторлардың) талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қанағаттандыру шарттарымен жасалуы мүмкін.
5. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жазбаша нысанда қазақ және орыс тілдерінде жасалады және оған борышкер – дара кәсіпкер, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген тұлға), құрылтайшысы (қатысушысы) және әрбір кредитор қол қояды.
Кредитор келісімнің шарттарымен келіспеген кезде мұндай келісім жасалмайды.
Келісім жасалмаған кезде берешекті қайта құрылымдау рәсімі аяқталған болып есептеледі және мыналарға:
1) осы Заңның 28-2-бабының 1) тармақшасына сәйкес басталған салдарлардың күші (борышкердің барлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу тоқтатылады) – сот берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
2) осы Заңның 28-2-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес басталған салдарлардың күші (кредиторға (кредиторларға) берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасасу кезеңінде борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруге тыйым салынады) – осы баптың 1-тармағында белгіленген берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасасу мерзімі аяқталған күннен бастап тоқтатылады.
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
бас маманы А.Жанкелдин