Date of publication: 22.06.2016 18:13
Date of changing: 22.06.2016 18:14

         Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің кәсіподақ ұйымы осындай номинацияға ие болды.

         Қазақстан кәсіподақтары күні құрметіне «Кәсіподақпен біргеміз» фотобайқауының қорытындысы жарияланды.

         Республика бойынша 63 үміткер қатысқан фотобәйгенің «Ең ауқымды бастауыш кәсіподақ ұйымы» номинациясын жеңіп алған біздің        Департаменттің  кәсіподақ ұйымы қатарында  429 қызметкер  бар екен.

         Кәсіподақ ұйымының төрайымы Мәрия Райымбекқызы Искакованы  жеңісімен құттықтаймыз!