Үздікке әркімнің де бар таласы
Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұйымдастырумен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігін айқындайтын «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік қызметті дәріптеу және оның имиджін нығайту, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін көтеру.
Конкурсқа тілек білдірген Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Казбекова Светлана озық онның қатарында ақтық сынға өткен. Байқаудың ақтық айналымы үш кезеңнен тұрды. І - ші кезеңде қатысушылар ақпараттық технологияларды қолдана отырып, өздері және өз жұмыстары жайында өзін-өзі таныстырды. Байқаудың ІІ - ші кезеңінде, қатысушылардың қолданыстағы ҚР заңнамаларын білу және ситуациялық сұрақтарға жауап беру деңгейі анықталды. ІІІ-кезеңде қатысушылар өздерін шығармашылық жағынан көрсетті: би биледі, ән айтты, өздері шығарған өлеңдерді, сондай-ақ Қазақстаннның ұлы ақындарының шығармаларын оқыды.
Байқау өте әсерлі өтті. Ақтық айналымда өзіндік өнерімен ерекшеленген С.Казбекова облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті басшылығының Алғыс хатымен және облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың Алғыс хатымен марапатталды.