Date of publication: 26.05.2021 12:49
Date of changing: 26.05.2021 12:51

ДСҰ-на Қазақстанның кiруiнiң бірден-бір негiзгi шарттары, тауарлық позицияның бірқатары бойынша тарифтік мiндеттемелер – Алып қою тізбесі (2018 жылғы 26 қаңтардағы №18 Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімі), әкелу ставкасы ДСҰ шарттарында Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифтің (әрі қарай – ЕАЭО БКТ) шеңберiнде қолданыстағы кедендік бажбен салыстырғанда төмен болып табылады.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес, төмендетiлген кеден баждары бойынша оларды әкелген жағдайда ғана Одақтың басқа елдерiнің аумағына, Алып қою тізбесіндегі тауарларды әкетуге жол бермеуге, Қазақстан Республикасы өзіне мiндеттеменi мойнына алды.

Алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды ҚР аумағына әкелу, не ДСҰ ставкалары бойынша, бірақ – та ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына шығаруына құқысыз, не болмаса оларды кейіннен ЕАЭО БКТ ставкалары бойынша ҚР аумағында немесе одан тыс сату мақстында жүзеге асырылуы тиіс.

Осыған байланысты, Қазақстанға салық төлеушілер тауарларды импорттау кезінде мынадай талаптарды сақтауы тиіс:

1.  ДСҰ ставкасы бойынша ҚР әкелінген Тізбедегі тауарлар, ЕАЭО елдеріне ҚР аумағынан әкету тиым салынған;

2.  ЕАЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша ҚР әкелінген Тізбедегі тауарлар ЕАЭО кедендік аумағына алып келген кезде кеден тауарлар декларациялар мен электрондық шот-фактураның (бұдан - ЭШФ) көшiрмелері мемлекеттік кірістер органдарымен расталуы қажет;

3.  ҚР өндірілген Тізбедегі тауарлар ЕАЭО мүше мемлекеттеріне әкетілген кезде, егер осы топтың тауары Алып қою тізбесінде болған жағдайда, СТ-1 нысанындаығы тауардың шығу тегi туралы куәлiктiң түпнұсқасы және ЭШФ –ның көшірмесі расталуымен сүйемделуі тиіс;

4.  ЕАЭО мүше мемлекеттерінен ҚР аумағынан әкелінген тізбедегі тауарлар, ЕАЭО мемлекеттер аумағына әкелінген кезде,  жанама салықтарды төлеумен тауарларды әкелу туралы өтініші және ЭШФ –ның көшірмесі расталуымен сүйемделуі тиіс;

Алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды бақылау мақсатында Қазақстан «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін пайдаланады, оларда мынадай ілеспе құжаттар қалыптастырылған келесі мәліметтер мынадай:

  • Тауар туралы мәлiметтер;
  • Тауардың саны;

 

 

 

 

 

 

 

  • Кеден декларациясының нөмiрі, СТ-1 нысанындаығы тауардың шығу тегi, жанама салықтарды төлемі және әкелу туралы өтініш;
  • Кеден декларациясы бойынша тауардың реттiк нөмiрі немесе жанама салықтарды төлемі және әкелу туралы өтініш;
  • (ЕАЭО БКТ немесе ДСҰ)  әкелу кеден баждарының мөлшерлемесін қолдану туралы мәлімет.

Мұнымен қоса ДСҰ мөлшерлемесі бойынша әкелген тауарлар ҚР аумағынан шығарған кезде, ЕАЭО мүше мемлекеттердің  заңдарына сәйкес жауапкершiлiк шаралары ескерілген. Тауарлардың орын ауыстыруы, оның ішінде төмендетiлген мөлшерлемелер бойынша тасымалдаушылар әкелгенін ескере отырып, ниеті түзу емес кәсiпкерлердiң әрекеті үшін жауапкершiлiк соларға артылады.

Осыған байланысты, Хаттаманың нормаларына сәйкес тасымалдаушы жоғарыда айтылған жүкке ілеспе құжаттары болмағанда Қазақстан Республикасының аумағынан шығарған кезде көрстеуі тиіс қажеттi рұқсатсыз жүктердi тасымалдаудан бас тартуға құқы бар.

Бұдан тыс, Алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды әкетуге электрондық шот-фактураларды толтыру электрондық цифрлық қол қоюы (бұдавн әрі - ЭЦҚ) болуы тиіс. Осыған байланысты, сауда қызметiн жүзеге асыратын кәсiпкерлер ЭЦҚ алуы қажет.

ДСҰ-ға байланысты тауарларды әкелу туралы ақпарат пен енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің  ресми желісінде орналастырылған (www.kgd.gov.kz).