Date of publication: 07.07.2016 16:25
Date of changing: 07.07.2016 16:26

2016 жылдың I жарты жылдығы: бюджетке түсім бойынша

 

       Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылдың I жартыжылдығын қорытындылады.      

       2016 жылдың 6 айында шоғырландырылған бюджетке 75 млрд. 342,9 млн.теңге түсім түсірілді. 6 айдағы мемлекеттік бюджеттің жоспары 124,3% орындалып, өткен жылдың көрсеткішінен 7 млрд. 757 млн.теңге артығымен түсім түсті.

        Республикалық бюджетке 21 млрд. 712,7 млн. теңге түсірілді, бұл межеленген жоспардың 121,0 пайызға орындалғаны, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 4 млрд. 905,1 млн. теңгеге артық көрсеткіш. Жергілікті бюджетке 20 млрд. 242,6 млн. теңге түскен, бекітілген жоспардың орындалуы – 128,1 пайызға тең. Бұл өткен 2015 жылдың 6 айымен салыстырғанда 2 млрд. 852 млн теңгеге артық.