«Бухгалтерлер клубында» болып, өзгерістерді түсіндірді
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «Бухгалтерлер клубында» кездесуде болды.
Мәжілісте ҚР Салық кодексіне 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген корпоративті табыс салығы, қосымша құн салығы туралы өзгерістер талқыланды, сонымен қатар 1С бухгалтерия бағдарламасындағы өзгерістер түсіндірілді.
Департаменттің бөлім басшылары Айменов Сейтмахан, Стамбекова Кеңескүл, Тастаев Мұхтар және бас маманы Бодықов Сеилхан Салық кодексінің жаңа талаптары бойынша түсініктеме жасады.
1С бағдарламасындағы жаңалықтар мен жаңғыртулар мүкіндігі туралы «Регламент-kz 1C Франчайзинг Кызылорда» компаниясының жетекшісі Айжарықов Нариман хабарлама жасады. Сонан соң мамандар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Қызылорда облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыстары басқармасы