Date of publication: 23.08.2016 17:31
Date of changing: 23.08.2016 17:36

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басты назарда!

Үстіміздегі жылдың 1-3 тамыз аралығында департаментке қарасты Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маманы Мақсат Абдыкамалов сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу жөнінде семинарлар өткізді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Е. Ерғожиннің нұсқауына сәйкес Сыбайлас жемқорлықтын алдын – алу және ішкі қауіпсіздікті нығайту жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық фактілерінің жиі болып отырғанын, осыған байланысты біршама фактілерді атап өтті.

Сонымен қатар, қазіргі уақыттағы маңызды және өзекті мәселеге айналған террорлық әрекеттер жөнінде де сөз козғап, осы мәселе тұрғысынан мысалдар келтірді, атап айтқанда, ағымдағы жылдың маусым айында болған Ақтөбе қаласында болған жағдай және шілде айындағы Алматы қаласында болған террорлық әрекеттерді мысалға келтірді.

Еңбек демалысында шетелге шығу барысында Ішкі қауіпсіздік басқармасына рапорт жазуға және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.  Әрбір қызметкерге өзіне қатысты айғақсыз айыптауға  байланысты теріске шығаруға қол жеткізуін, салық төлеушілердің пара беру талпынысына  қызметкерлерді қорғауды, пара беру талпынысы туралы  құқық қорғау органдарына жедел хабарлау қажеттігін, осыған байланысты барлық заңдылықты сақтай отырып әрекет жасайтынын айтып іс-шараны қорытындылады.