Жарияланған күні: 17.06.2016 18:36
Өзгертілген күні: 17.06.2016 18:37

280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу                                       Егер сіздің тауарларыңыз көрсетілген тізбеге енгізілсе, ол тауарларды өткізу кезінде сіз электронды түрдегі шот-фактура жазып беруге міндеттісіз. Сонымен қатар, тізбеге енгізілген тауарларды бұрын сатып алған болса, мұндай тауарлардың өткізілуі бойынша электронды түрде шот-фактура жазып беруге міндеттісіз. 

1. Тауарларды,  жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде қосылған құн салығын төлеушінің көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға Қазақстан Республикасы салық заңнамасының шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру жөніндегі талабын бұза отырып, шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазуы - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімді бұза отырып, шот - фактураны электрондық нысанда жазып беруі - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      -  шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының алпыс пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде;

      -  орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының жетпіс пайызы, бірақ алпыс айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде;

      - iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының сексен пайызы, бірақ сексен айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

                                                                                             

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті