2020 жылдан бастап тіркелген салықтың күшін жою бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы (Салық кодексі)» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121-VI Заңының 2-бабында Салық кодексінің «Тіркелген салық» 17-бөлімін 2020 жылдың 1 қаңтарынан алып тастау көзделген.
Сонымен қатар, Заңның осы бабымен Салық кодексінің 222-бабының 3-тармағы алынып тасталды, оған сәйкес ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер салық кодексінің 16 және 17-бөлімдерінде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
Осылайша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелген салық заң жүзінде жойылды.
Тіркелген салық төлеушілер салық салудың басқа режимдеріне көшуге және тіркелген салық салу объектілерін есептен шығаруға міндетті (Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы, біреуден артық ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы, Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер, ойын жолы, карталар, бильярд үстелі, уәкілетті ұйымның айырбастау пункті).
Айырбастау пункттері салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режиміне көшуі мүмкін.
Ойын бизнесі салығы бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосымша төлем заңды түрде алынып тасталғанын қосымша хабарлаймыз. 100.00 СЕН ұсыну және КТС төлеу бойынша міндет енгізіледі.
- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы