Жарияланған күні: 18.11.2020 03:08
Өзгертілген күні: 18.11.2020 03:34

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 998 бұйрығымен "құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өзгерістер 2020 жылғы 20 қарашада күшіне енеді.

Бұйрыққа сәйкес 3 жаңа өлшемшарт енгізіледі:

* "Виртуалдықойма" модулін қолдану;

* Үшкомпонентті интеграцияланған жүйеніқолдану;

* Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу.

Сондай-ақ келесі өлшемшарттар өзгертілді:

* "Салық есептілігінде бірнеше салық кезеңдері ішіндегі залалдарды көрсету" өлшемшарты»;

* "Бұрын ұсынылған салық есептілігіне бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу"өлшемшарты.

Келесі тармақтарға өзгерістер енгізілді:

«11. Санаттау субъектісінің тәуекел дәрежесі құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және жарты жылда бір рет өзектендіріледі.

Салық берешегі және (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық өтелмеген жағдайда, тәуекел дәрежесі айына кемінде 1 (бір) рет өзектендіруге жатады.

Егер тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа санаты бар салық төлеуші ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 75 (жетпіс бес) миллион теңгеден астам сомаға салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 45 (қырық бес) миллион теңгеден астам, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 20 (жиырма) миллион теңгеден астам сомаға санаттарға бөлу жүргізілген жартыжылдықтың басынан бастап төлеген және бұл ретте бюджет алдында салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болмаған, ТҚК бұрын берілген тәуекел дәрежесінің санаты тиісінше орташа немесе төмен деңгейге өзгертуге жатады.

Төлем сомасына кедендік төлемдер, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы, импортталатын тауарларға акциздер кірмейді.

Төлем сомасы жүргізілген қайтарулар ескеріле отырып айқындалады.»;

«16. "Бірнеше салық кезеңдері ішіндегі залалдарды салық есептілігінде көрсету" өлшемшарты, егер соңғы 3 (үш) салық кезеңі (жылдар) ішінде салық есептілігінде залал көрсетілген жағдайда айқындалады.

Салық мониторингіне жататын, сондай-ақ қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін өлшемшарт соңғы бес жылдық кезеңге айқындалады.

Шығындылық кезеңінен инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдерді қолдану себебі бойынша қалыптастырылған шығындары бар кезеңдер алып тасталады.

"Бірнеше салық кезеңдері бойындағы залалдарды салық есептілігінде көрсету" өлшемінің басымдылығы – қосу 3 балл, тәуекел дәрежесіне ықпалы – теріс".

«17. Егер салық төлеуші жалпысомасы 10 (он) миллион теңгеден асатын корпоративтік табыс салығы және (немесе) қосылған құн салығы бойынша азайтуға қосымша бес декларациядан астам табыс еткен жағдайда, "бұрын табыс етілген салық есептілігіне бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу" өлшемшарты айқындалады, бұл ретте осындай декларацияларды табыс ету үшін белгіленген күннен бастап он екі және одан да көп ай өткен.

Есеп айырысу жүргізілетін кезең-соңғы 6 (алты) ай.

Өлшемшарт ірі салық төлеушілердің мониторингінде тұрған салық төлеушілер бойынша, сондай-ақ филиалдары және (немесе) өкілдіктері бар салық төлеушілер бойынша қолданылмайды.

"Бұрын ұсынылған салық есептілігіне бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу" өлшемінің басымдылығы – қосу 4 балл, тәуекел дәрежесіне әсері – теріс".

Сондай-ақ, Қағидалар мынадай мазмұндағы 26, 27, 28-тармақтармен толықтырылды:

«26. "Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" өлшемшарты өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда санаттарға бөлу жүзеге асырылатын кезеңнің алдындағы жартыжылдықта салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу өсімінің серпіні негізінде айқындалады.

Төлем сомасына кедендік төлемдер, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы, импортталатын тауарларға акциздер кірмейді.

Төлем сомасы жүргізілген қайтарулар ескеріле отырып айқындалады.

Өлшем 1 (бір) миллион теңгеден астам салық төлеу бойынша тарихи деректері бар салық төлеушілер бойынша есептеледі.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" өлшемінің басымдығы осы Ереженің 6 – қосымшасында келтірілген, тәуекел дәрежесіне оң әсер етеді".

«27. "Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану" өлшемшарты салық төлеуші үшкомпонентті интеграцияланған жүйені іс жүзінде пайдаланған жағдайда айқындалады.

Есеп айырысу жүргізілетін кезең - соңғы 6 (алты) ай.

"Үшкомпонентті интеграцияланған жүйені қолдану" өлшемшартының басымдылығы – минус 2 балл, тәуекел дәрежесіне әсері – оң".

«28. "Виртуалды қойма "модулін қолдану" өлшемшарты тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ай сайын ресімдеу және "Виртуалды қойма"модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттар негізінде электрондық түрде шот-фактураларды жазып беру шартымен айқындалады.

Есеп айырысу жүргізілетін кезең-соңғы 6 (алты) ай.

"Виртуалды қойма "модулін қолдану" өлшемшартының басымдылығы осы Қағидаларға 7 – қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне әсері-оң".