Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе
жүкқұжаттарды рәсімдеу мен пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізіліп Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімдерін импорттаған жағдайда ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу көзделген.
Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін импорт бойынша операцияларынжүргізетін тұлға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу қарастырылған.
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдердің аумағынан әкелінген жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнмамасына және Қазақстан Республикасының кеден заңнмамасына сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін бір күн кешіктірілмей ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу;
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің аумағынан әкелінген жағдайда, әкелінген күннің мерзімінен кешіктірілмей толтыру қарастырылған.
Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің импорты кезінде ілеспе
жүкқұжаттарды рәсімдеу қағаз тасымалдағышында бір данада басып шығарылады, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін іс жүзінде алған күнін көрсете отырып қол қояды.
Аталған талаптарды орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен жауапкершілік көзделгенін хабарлаймыз.
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті