Қазақстан Республикасы «Салық және бюжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 472-бабының 3-тармағына сәйкес, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейін төлеу міндеттелген, осы өзгерістер Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Жаңа 2015 жылғы 29 қазандағы №376-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілді.
Лицензияның әсерін уақытша тоқтату, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен жылдық лицензиялық алымды мерзімінде немесе толық төлемеген жағдайда қосымша жауапкершілік ретінде қарастырылған.
Лицензияның әсерін уақытша тоқтату қолданыстағы Заңнамаға сәйкес, басқа жағдайларда қарастырылмаған.
Сонымен бірге, алкоголь өнімдерін сақтау және өткізуге лицензиясы бар алайда, жыл сайынғы лицензиялық алымды төлемеген жағдайда 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 282 бабының 8 тармағымен жауапкершілік көзделген.
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті