Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жекелеген кәсіпкерлік түрлеріне салық салу басқармасының басшысы Смағұлова Гүлмира Әмірғалиқызы, Оңалту және банкроттық басқармасы басшысының орынбасары Бозаева Айжан Ержанқызы, Оңалту және банкроттық басқармасының бас сарапшысы Ханділда Балғын Серікқызы, Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас сарапшысы Бейсеналиев Дархан Сайыпжамалұлы , екінші деңгейлі банктер өкілдері, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларының, кәсіпкерлік палатасының өкілдерінің қатысуымен банкроттық басқарушыларға және салық төлеушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жекелеген кәсіпкерлік түрлеріне салық салу басқармасының басшысы Смағұлова Гүлмира Әмірғалиқызы 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген жекелеген өзгерістер мен толықтырулар туралы,оның ішінде микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге кірістен салық төлеуден босату, Салық кодексінің 48-бабы талап қоюдың ескіру мерзімдері, бірыңғай жер салығы, ойын бизнес салығына енгізілген өзгерістерді түсіндіріп өтті.
Оңалту және банкроттық басқармасы басшысының орынбасары Бозаева Айжан Ержанқызы Оңалту және банкроттық рәсімдерін ашудың жаңа тәсілдері және олардың жүргізілуін бақылау туралы, Оңалту және банкроттық басқармасының бас сарапшысы Ханділда Балғын Серікқызы Әкімшілер қызметіндегі заңнамалық өзгерістер туралы түсіндіріп өтті.
«Оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына енгізілген енгізілген өзгерістерге сәйкес, оңалту рәсімін қолдану үшін ақшалай міндеттемелердің мөлшеріне және олардың орындалмау ұзақтығына талап қойылмайды. Яғни, кредиторлық қарызы 150 айлықтық есептік көрсеткіштен асып, осы міндеттеме 4 ай мерзім бойы орындалмауы туралы Заңның 5-бабының күші жойылды. Сондай-ақ,оңалту рәсімін қолдануға жеке кәсіпкерлер де мүмкіндік алып отыр. Ал, банкроттық туралы іс қозғау үшін кәсіпкерлік субъектісіне активтердің алдындағы міндеттемелердің тұрақты асып кетуі туралы мәліметтер жеткілікті.
Заңның қағидаларымен кепілді кредитор мен «әлеуметтік» бағыттағы кредиторлар мүдделерінің теңгерімі қамтамасыз етілді.
Кепілді кредитор бір жұмыскерге үш ең төменгі жалақыдан аспайтын көлемде еңбек ақы бойынша талаптарды өтегеннен кейін ғана кепіл мүлкін өз талаптарын қанағаттандыру есебіне алуға құқылы.
Міндеттемелерді орындаудан жалтару әдісі ретінде банкроттықты қолданатын жеке тұлғалардың жауапкершілігін күшейту үшін «Әдейі банкроттық» қылмысының (құқық бұзушылығының) құрамы нақтыланды.
Одан басқа, оңалтуды және банкроттықты жүзеге асыру бойынша қызметтің сапасын жақсарту мақсатында кәсіпқой бухгалтерлерге біліктілік емтиханын тапсырмай әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы берілді.
Әкімші ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны беру және оны хабарламалар тізілімінен шығару
Қазіргі уақытта әкімшінің қызметімен:
1) банкроттық рәсімдерінде дәрменсіз борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар (2012 жылға дейін берілген);
2) оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылардың және (немесе) сыртқы бақылау әкімшісінің қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органда тіркелген (2014 жылға дейін);
3) әкімші ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламалар жіберген (2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) адамдар құқылы.
Осылайша, Бірыңғай тізілімдеіс жүзінде әкімшінің қызметін жүзеге асырмайтын тұлғалар бар, бұл тиісті кандидатураны таңдау процесін қиындатады.
Осыған байланысты, 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заң күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде хабарлама жібермеген әкімшілер оны уәкілетті органға тапсыруға міндетті.
Бұл ретте, Заң мұндай адамдардан біліктілік емтиханын тапсыруды және олардың «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында әкімші қызметіне үміткерлер үшін белгіленген талаптарға сәйкестігін талап етпейді.
Бір жылдық кезең өткеннен кейін хабарлама ұсынбаған әкімшілер Бірыңғай тізілімнен шығарылады. Қызметін қайта бастау үшін олар рұқсат талаптарына сәйкестігін растаулары, біліктілік емтиханын сәтті тапсыруы және қызметін бастағаны туралы хабарлама жіберуі керек.
Сондай-ақ, кәсіби бухгалтерлер уәкілетті органға тиісті хабарлама жіберген кезде біліктілік емтиханын тапсырмастан әкімші қызметімен айналыса алады.
Атап өтетін жай, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламалары тізілімінен шығарылған адамоны хабарламалар тізілімінен шығарған күннен бастап үш жылдан кем емесмерзімде әкімші қызметіне қайта қол жеткізуі үшін біліктілік емтиханды тапсыруғарұқсат алуы мүмкін.
Әкімшінің сыйақысы
Негізгі сыйақы
Уақытша әкімші және уақытша басқарушы үшін негізгі сыйақы мөлшері оның және оңалту немесе банкроттық рәсімін бастамашылық етуші (борышкер немесе кредитор) арасында жасалған келісіммен анықталады, ол Қаржы министрінің бұйрығымен белгіленген шектен төмен болуы мүмкін емес.
Сонымен қатар, Қаржы министрінің аталған бұйрығы қабылданғанға дейін, ең төмен шектің мөлшері қазіргі уақытта қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 265 бұйрығына сәйкес айқындалады.
Сондай-ақ, банкроттық рәсіміне бастамашылық етуші салық және кедендік төлемдер бойынша кредитор болып табылса, оны төлеу мөлшері мен тәртібі тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіменанықталатын болады.
Көрсетілген заңға тәуелді акт қабылдағанға дейін, оны төлеу мөлшері мен тәртібі2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңмен өзгертулер енгізілгенге дейін қолданылған «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 265бұйрығына сәйкес бұрыңғы тәртіпте жүзеге асырылады.
Оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысының мөлшері кредиторлар жиналысымен анықталады. Заң шектеулер орнатпайды.
Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының мөлшері Қаржы министрінің бұйрығымен белгіленген ең төмен және ең жоғары шектерде кредиторлар жиналысымен белгіленеді.
Егер банкроттық рәсімін жүргізу тоғыз айлық мерзімнен асып кетсе, негізгі сыйақы кредиторлар жиналысымен белгіленгеннің 75% мөлшерінде төленеді.
Егер банкроттық рәсімінжүргізу2 жылдан асып кетсе, негізгі сыйақы кредиторлар жиналысымен белгіленгеннің 50% мөлшерінде төленеді.
Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі қайтасозылған кезде, банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу осындай созуға дауыс берген кредиторлардың қаражаты есебінен олардың кредиторлар талаптары тізіліміне енгізілген талаптары сомасына пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
Қосымша сыйақы
Оңалтуды басқарушының қосымша сыйақы мөлшері кредиторлар жиналысымен анықталады және оңалту рәсімінің мақсатына қол жеткізген кезде ғана төленеді.
Банкроттықты басқарушының қосымша сыйақысы кредиторлардыңбанкроттық рәсімде қанағаттандырылған талаптарының мөлшеріне байланысты:
егер 25% -дан төмен қанағаттандырылса, банкроттықты басқарушыға осы соманың 1%;
егер 25% -дан 50% -ға дейін қанағаттандырылса - 2%;
егер 50% -дан 75% -ға дейін болса - 3%;
егер 75% -дан артық қанағаттандырылса - 4%есептелінеді.
Есептеу барысында бірінші кезектегі талаптар, сондай-ақ кепіл мүлкін заттай қабылдау арқылы қанағаттандырылған кредиторлар талаптары ескерілмейді.
Банкроттықты басқарушыға қосымша сыйақы арнайы шотта жинақталады және банкроттық рәсімін аяқтау туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана төленеді.
Айта кету керек, негізгі сыйақыны есептеу 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заң күшіне енгеннен кейін қанағаттандырылған талаптардың мөлшеріне негізделе жүзеге асырылады.
Сыйлықақы
Кез келген кредитор өз қаражаты есебінен банкроттықты басқарушығасыйлықақы төлеуге құқылы, оны төлеу мөлшері мен тәртібін кредитор өзі дербес белгілейді.
Әкімшілік шығыстарды өтеу
Банкроттық рәсімінде әкімшілік шығыстардың сметаларын дайындау және бекіту алып тасталды.
Банкроттықты басқарушы есепті айда төлеуге тиісті әкімшілік шығыстардың мөлшерін көрсете отырып, жұмыс нәтижелері туралы кредиторлар комитетіне ай сайын есеп беруге міндетті.
Кредиторлар комитеті аталған шығыстардың негіздігіне көрсетілген есепті қарайды және төлеуге жататын әкімшілік шығыстардың мөлшерін бекіту туралы шешім қабылдайды.
2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейінгі сметамен белгіленген және басқарушы шеккен шығындарды қоспағанда, кредиторлар комитетінің шешімінсіз әкімшілік шығыстарды төлеуге жол берілмейді.
Қызылорда облысы бойынша МКД баспасөз қызметі