Жарияланған күні: 26.10.2018 14:47
Өзгертілген күні: 26.10.2018 14:48

         Салық кодексінің талабына сәйкес, жеке тұлғалар үшін көлік құралдары салығын бюджетке төлеу мерзімі салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмейтін күн болып табылады. Және де, жеке тұлғалар салық төлеуді тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

       Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салықтық кезең үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

       Сонымен қатар, көлік иесі 2018 жылдың көлік салығының сомасын өзі есептеу мүмкіндігі бар екенін еске саламыз.

       Ол үшін, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөліміне кіріп, «Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы» сервисі арқылы есептей алады.

 

Қызылорда қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы