Елдегі төтенше жағдайға байланысты «Bіrgemiz» қоғамдық қоры халықтың әлеуметтік жағынан неғұрлым осал топтарына көмек көрсетеді.
Қолданыстағы салық заңнамасының нормаларына сәйкес «Bіrgemiz»Қоғамдық қорының жеке тұлғалардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау түрінде 647 АЕК көлемінде қайырымдылық көмегі төлем көзінен жеке табыс салығын салуға жатпайды.
Осылайша, табыстардан салық және әлеуметтік төлемдер төлеуден босату:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысының 1-тармағы негізінде микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша (әрі қарай - Қаулы);
- Қаулының 4-тармағы негізінде республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қызметкерлердің үстемеақыларыбойынша;
- Салық кодексінің 1-бабының 20), 38) тармақшаларының және 341-бабы 34) тармақшасының негізінде жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау түрінде «Bіrgemiz» Қоғамдық қорынан төленетін төлемдер бойынша жүргізіледі.
Қызылорда облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыстары басқармасы