Жарияланған күні: 13.12.2016 15:55
Өзгертілген күні: 14.12.2016 11:38

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылдың 1 қазанында жарияланған жалпы республикалық «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының екінші айын қорытындылады.  Қызылорда қаласы және барлық аудандардан өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жіберген қатысушылар арасынан Акцияның жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталды.

Қараша айының бірінші жеңімпазы: Абдраманов Бауыржан Батырбекович, Жалағаш ауданы, Абай көшесі 6/7 үй  тұрғыны;  Жалағаш аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері, ЖСН 820325301472; чек номері 2357990; телефон номері 8-705-716-31-90; жүлдесі – телевизор;

Акцияның екінші жеңімпазы: Шакиева Айгуль Апахаевна,  Қызылорда қаласы, Аяпов көшесі 5 үй тұрғыны, ЖСН 761201402888; чек номері 2497070; телефон номері 8-701-862-84-98; жүлдесі – шаңсорғыш;

Үшінші жеңімпазы:  Садыкова Улжалгас Садуакасовна; Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің тұрғыны; Жаңақорған аудандық статистика басқармасының жетекші маманы,  ЖСН 701018401031, чек номері 2428812; телефон номері 8-702-771-35-70; жүлдесі – қысқа толқынды пеш.

Анықталған үш жеңімпаз сыйлықтармен қоса Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар көп чек жинаған бес қатысушыға Департамент басшысының Алғыс хаты және ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Акцияның негізгі ерекшелігі - электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізілуі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.                  Республика бойынша финалдық ұтыс Мемлекеттік кірістер комитетінде өткізілетін болады.

        

                                                       

                                                                                Б.Орданова,

Қызылорда облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы