Жарияланған күні: 14.07.2016 12:29
Өзгертілген күні: 14.07.2016 12:30

Демалыс маусымы  және тауарларды кеден шекарасынан өткізу тәртібі

 

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасынан тауарлар мен ақша қаражатын өткізу тәртібін еске саламыз.

Қазақстанмен қатар Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан кіретін Еуразиялық экономикалық одақ территориясынан шығарда, баламасы 10000 АҚШ долларынан асатын мөлшердегі ақша қаражаты мен чектер міндетті декларациялауға жатады.

Қымбат бағалы тастар мен металлдар, егер олардың кедендік құны 25000 АҚШ долларынан аспайтын болса, қандай да бір төлемсіз өткізіледі.

Шектеу қойылған тауарлар қатарына балықтар мен теңіз тауарлары жатады: яғни азаматтар 5 кг.-нан аспайтын балықтар мен теңіз өнімдерін және 250 граммнан аспайтын бекіре балықтарының уылдырықтарын шығара алады (оларды алғаны туралы құжаттары бар болған жағдайда).

Дәрі-дәрмектер алып шықсаңыз, олардың Сіздің денсаулығыңыз үшін қажет екенін растайтын дәрігердің мөрі бар анықтамасын ала жүріңіз. Мәдени құндылықтарға жататын заттар болса, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің немесе  оның аумақтық құрылымдарының аталған тауарды алып шығуға рұқсаты болуы керек, мәдени құндылық болып саналмайтын картиналар, иконалар, скульптуралық туындылыр сияқты заттар алып шығатын болсаңыз, сол органның тиісті анықтамасы қажет етіледі.

Жоғалып кету қаупінде тұрған жануарлар мен өсімдіктерді алып шығу үшін арнайы рұқсат құжаттар талап етіледі.

Жеке пайдалануға арналған тауарларды ЕАЭО территориясына әуе жолымен алып кірген жағдайда,  олардың кедендік құны 10000 евродан, ал салмағы 5 кг.-нан аспауы керек.

Аса мұқият болатын мынадай жағдайды ескеріңіз: егер тауарларыңыз тауар өндіруге арналған шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, жинақтауға арналған бұйымдарға жататын болса, онда олар жеке пайдалануға арналған тауарға жатпайды.

Олардың саны мына көлемнен аспауы керек: киімдер мен киім бұйымдары – бір адамның өлшемімен екі данадан; төсек бұйымдары – бір адамға екі жинақтан; бас киімдер – бір адамға екі данадан; аяқ киім – бір атаулы және бір өлшемдіден бір адамға екі данадан; тері бұйымдары және былғары бұйымдары  – бір атаулы және бір өлшемдіден бір адамға бір данадан; иіс су-косметикалық бұйымдар – бір атаулы үш бұйымнан бір адамға; тамақ өнімдері – бір адамға 10 кг.; үялы телефон және планшет, ноутбук, нэтбук – бір адамға екі данадан; тұрмыстық техника және электр бұйымдары – бір адамға әр нысанна бір данадан; әшекей бұйымдар – бір адамға бес данадан; велосипед және бала қоларбасы – бір адамға бір данадан; осы тізбекте аталмаған жеке пайдалануға арналған басқа бұйымдар – бір адамға екі данадан. Жеке тұлғаның шекара асуы мен тауар өткізу жиілігі айына бір реттен аспауы керек, асқан жағдайда кәсіпкерлің мақсатқа арналған болып есептеледі.

Алкоголь өнімдерін әкелу кезіндегі шектеулерге назар салыңыз. 18 жасқа толған тұлғаның әрқайсысы 3 литрден артық алайда 5 литрден аспайтын мөлшерде алкоголь ішімдігін өткізетін болса, 3 литрден асқан мөлшерінің әр литріне 10 евро кеден төлемін төлеуі тиіс.

ЕАЭО территориясына 5 литрден артық кіргізуге тыйым салынған.

Кәмелет жасына толған жеке тұлға темекі және темекі өнімдерін мына мөлшерде бажсыз әкеле алады: 200 сигарет немесе 50 сигар (сигарилл) немесе 250 грамм темекі, болмаса аталған өнімдердің жалпы салмағы 250 грамман аспайтын жиынтығы. Көрсетілген лимиттен асып кетуге болмайды.

Сонымен қатар, шекарадан кіру және шығу кезінде, баламасы 10000 АҚШ долларынан асатын ақшалай қаражат пен жол чектері кедендік декларациялауға жатады.

Бұл аталған талаптар тек жеке пайдалануға арналған (яғни жеке басына, отбасына және кәсіпкерлікке қатысы жоқ қажеттіліктерге арналған) тауарлар үшін қарастырылған.

Егер кеден шекарасынан өту кезінде әлдебір сұрақтар туындаса, кеден бекеттерінің ақпараттық аумағынан жауап таба аласыз.  Тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің барлық ережелері ақпараттық стендтерде бар немесе ақпарат киоскілерінен электронды нұсқада көруге болады.

 

       

Мұқан Қожанбай,

Қызылорда облысы бойынша МКД  «Әуежай»

кеден бекеті басшысының орынбасары