Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев облыстық коммуникациялар қызметінде жыл қорытындысымен брифинг берді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне департаменттің 2016 жылғы қызметінінң негізгі көрсеткіштері жария етілді.
2016 жылы департамент мемлекеттік бюджетке 89 млрд. 630 млн. салықтар мен төлемдердің түсімін қамтамасыз етті. Жоспар 107% орындалды. 2015 жылмен салыстырғанда 13 млрд.теңгеге немесе 17,3% өсім бар. Оның ішінде, республикалық бюджеттің орындалуы 110,4% және жергілікті бюджеттің орындалуы 103,4%. Алдыңғы 2015 жылға қарағанда өсім көлемі республикалық бюджетке 25 пайыз (9 млрд. 748 млн.), жергілікті бюджетке 8 пайыз (3 млрд. 449 млн.) көлемінде.
Бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудегі басым бағыт – басқа мемлекеттік және бақылаушы органдармен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар жалған кәсіпкерлікке қарсы тұру шараларын белсендіру. 517 кешенді және тақырыптық тексерулер бойынша 29,1 млрд.теңге салықтар мен төлемдер қосымша есептелінді (республикалық бюджетке - 17 964, 6 млн.тенге, жергілікті бюджетке - 11 000,4 млн.теңге, ұлттық қорға - 90,1 млн.теңге). Салық төлеушілермен жүргізілген камералдық бақылау және басқа да бақылау шаралары бойынша жергілікті бюджетке 6,8 млрд.теңге қосымша салықтар мен төлемдер өндірілді.
Мемлекеттік кіріс органдары тарапынан құзыретті органдармен бірлесіп жасалған жұмыстар нәтижесінде 981 салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде тіркетілді, оның ішінде, такси қызметімен айналысатын 458, үйлерін арендаға беруші 245, базарларда сауда жасаушы 131 және т.б жеке тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркетіліп жұмыс жасауда. Сонымен қатар, ТМД елдерінен келген еңбек мигранттарының тіркелуі мен салық төлеуі бағытында жұмыстар атқарылып, олардан 2016 жылы 146,1 млн.тенге жеке табыс салығы түсті немесе өткен жылмен салыстырғанда 66,7 млн.теңгеге немесе 2,2 есеге көбейген. Тақырыптық (рейдтік) тексерулердің саны мен тиімділігі ұлғайды, атап айтқанда, 568 салық төлеушіде бақылау-касса машиналарын қолданбау және 63 салық төлеуші оларды тіркемеу жағдайлары бойынша бұзушылықтар орын алды. Нәтижесінде, 68 салық төлеушіге 1,9 млн.теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, 563 салық төлеушіге «ескерту» түрінде қаулы шығарылды. 49 объект бойынша хронометраждық зерттеу аяқталды, олардың 2015 жыл үшін тапсырған салық есептіліктерімен салыстырғанда бір күндік табыс көлемі орта есеппен 2,2 млн.теңгеге немесе 9,3 есеге өскен.
Сондай ақ, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату үшін өткен жылы 157 субъект ерікті түрде лицензияларын өткізді, және 182 тұлға лицензия алды, яғни осынша тұлғаның кәсібі көлеңкелі айналымнан шығарылды. Өткен жылы көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтердің 81 пайызы (450 489) электронды нысанда көрсетілген, тиісінше, 19 пайызы – қағаз нұсқада. Барлық салық есептіліктерінің 97,9 пайызы электронды түрде тапсырылған. Осы орайда тауарларды кедендік тазарту уақытының қысқарғанын да атап өту керек. Біздің облыстағы импорт үшін тазарту уақыты – 1 сағат 32 минутты, экспорттауға жұмсалатын уақыт 13 минутты құрап отыр.
2016 жылы кеден төлемдері мен баждары бойынша 8 903,7 млн.теңгенің түсімі қамтамасыз етілді. Тауарлардың импорты өткен жылдармен салыстырғанда азайған. Және Евразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тариф ставкалары біртіндеп төмендеуі себептерімен кедендік түсімдер көлемі алдыңғы жылдарға қарағанда азайып келеді. Өткен жылы тауарларға арналған декларациялар бойынша 1011 түзетулер жасалдып, бюджетке қосымша 255,4 млн.теңге есептеліп, өндірілді. 2016 жылы барлығы 2180 декларация ресімделді. 68 мәрте кедендік қарап тексеру жүргізілді. Қарап тексерулер нәтижесінде 8 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалып, олар бойынша 615 мың теңге айыппұл өндірілді.
Департаменттің экоонмикалық тергеу қызметінің өндірісінде өткен жылы 426 қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы іс болған, 315 қылмыстық іс аяқталып, 166 іс сотқа жолданды. Мемлекетке келтірілген 6,6 млрд. теңге залалдың 1,9 млрд.теңгесі өтеліп, тыйым салынған 92,9 млн.теңгелік мүлік мемлекет пайдасына өтті. Мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты 6 қылмыстық іс қозғалып, заңсыз айналымнан 94 тонна шикі мұнай мен 10 млн.теңгенің мұнай өнімдері алынды. Қылмысқа қатысты тұлғалар сотталып, тауар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесі бойынша 24 қылмыстық іс қозғалып, олардың барлығы аяқталды, 15 тұлға сотқа берілді. Алкоголь өнімінің заңсыз айналымына қатысты 8 қылмыстық іс өндіріске алынып, 6-ауы сотқа жолданды. 53500 дана ішімдік заңсыз айналымнан алынды, сот шешімімен 6,6 млн.теңгенің 13 615 дана ішімдігі тәркіленді.
«Көлеңкелі» экономиканың негізгі бағыттарының бірі жалған кәсіпкерлікпен байланысты 39 қылмыстық іс қозғалған өткен жылы. 41 істің өндірісі аяқталып, 36-сы сотқа жолданды. Осы салада мемлекетке келтірілген залал мөлшері 3,6 млрд. теңгені құрады, оның 468,7 млн.теңгесі өндіріліп, 80,8 млн. теңгенің мүлкіне арест қойылды. Сонымен қатар, жалған кәсіпкерлердің контрагенттерінен, сот шешімімен, бюджетке 670 млн.теңгенің салықтары мен міндетті төлемдері өндірілді.
Бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану және талан-таражға салу фактілері бойынша 77 қылмыстық құқықбұзушылық фактісі тіркеліп, олардың 73 аяқталып, 198,6 млн.теңгенің залалы қалпына келтірілді.
Салық және кеден саласындағы құқықбұзушылықтар негізінде 68 қылмыстық іс қозғалып, 57 істің өндірісі аяқталды, 17 іс сотқа жолданды. 1,2 млрд. теңгенің залалы қалпына келтірілді. Есірткі контрабандасына қатысты 2 факт анықталып, ішкі істер органдарына берілді.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген департамент басшысы, сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарының сан-салалы жұмысының жариялылығын қамтамасыз етудегі еңбектері үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ризашылық білдірді.
Б.Орданова,
Түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы




























