Жарияланған күні: 23.09.2016 10:07
Өзгертілген күні: 23.09.2016 10:08

Электрондық  шот-фактура жазудың  міндеттілігі туралы

 

 

             Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 Шешімімен төмендетілген кедендік баж ставкасы қолданылатын тауарлар Тізбесі  (1347 түрінен)  бекітілді. Аталған Тізбе kgd.gov.kz. сайтында орналастырылған.

            Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 09 желтоқсандағы Заңымен бекітілген «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы» Хаттаманы іске асыру мақсатында Алып қою Тізбесіндегі тауарлардың айналымын жүзеге асырушы  тұлғалар  ЭШФ АЖ тіркеліп, электронды шот-фактура жазуға міндетті.

            Сонымен қатар аталған тауарларды ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына шығаратын тұлғалардың қолында мемлекеттік кірістер органында расталған электондық шот-фактуралардың көшірмелері  болуы тиіс.

            Осыған орай электронды шот-фактураны жазу талабын бұзған  жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодесінің 280-1 бабына сәйкес  жауапкершілік қаралып, қағаз жүзіндегі шот-фактурада көрсетілген ҚҚС сомасының 30%-нан  80%-ға дейін айыппұлдар қаралғанын ескертеміз.

 

 

                                                             Қызылорда облысы бойынша

 Мемлекеттік кірістер департаменті