Жарияланған күні: 08.02.2016 10:45
Өзгертілген күні: 08.02.2016 10:46

            Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып қабылдануына байланысты, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы Хаттамаға қол қойылды, сонымен қатар тауарларға арналаған декларациялар мен электронды шот-фактуралардың көшірмелерін ілеспе құжаттар ретінде растау рәсімін жүргізу барысында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының өз-ара іс-қимыл Регламенті бекітілген.

          Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 Шешімімен төмендетілген кедендік баж ставкасы қолданылатын тауарлар Тізбесі  (1347 түрінен)  бекітілді.

Аталған Тізбе kgd.gov.kz. сайтында орналастырылған.

         Тізбеге енгізілген тауарларды өндірушілермен Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО  мүше мемлекеттердің аумағына шығарған кезде, салық төлеуші ілеспе құжат ретінде куәландырылған  өтінішіне  қосымша электрондық шот-фактурасының көшірмесін және Ұлттық кәсіпкерлер Палатысымен берілетін  тауардың шығарылған жері туралы СТ-1 нысанына сәйкес сертификатын  мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді.

         Осыған байланысты, Тізбеге енгізілген тауарларды барлық ЕАЭО аумағына тасымалдау барысында  жүк тасымалдаушыларына да қатысты екендігін ескертеміз және жүк тасымалдаушылардың қолында мемлекеттік кірістер органында расталған тиісті құжаттардың көшірмелері болуы тиіс.

         Осыған сәйкес заңнамалардың талаптарын орындалуын бақылау мақсатында  мемлекеттік кірістер органдары бойынша мобильдік топтар құрылды.

 

 

                                                                  Қызылорда облысы бойынша

                                                                       мемлекеттіккірістер департаменті