
Жалпы облыс бойынша жер қойнауын және жер асты суларын пайдалануға рұқсаты бар 112 салық төлеуші тіркелген.
Жүргізілген камералдық бақылау нәтижесінде жыл басынан бері 13 кең таралған жер қойнауын және жер асты суларын пайдаланушылардан бюджетке 24,4 млн. теңге қосымша салық сомалары өндірілді.
Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органның мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы осы қызмет түрін заңсыз жүзеге асырған облыс көлемінде 4 салық төлеушіні анықтап (2 заңды тұлға, 2 дара кәсіпкер), ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 139-бабымен 416,7 мың теңге айыппұл салынды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.