Жарияланған күні: 25.11.2020 23:19
Өзгертілген күні: 25.11.2020 23:20

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, "Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 Шешіміне және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның 2020 жылғы 1 қазандағы №86 шешіміне сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау үшін пайдаланылатын тауарларды кедендік әкелу бажын төлеуден босатудың қолданылу мерзімі 2021 жылғы 31 наурызға дейін қоса ұзартылғанын хабарлайды.

Осы шешім 2020 жылғы 16 қарашада заңды күшіне енді және 2020 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады. ​