Жарияланған күні: 03.05.2016 16:47
Өзгертілген күні: 03.05.2016 18:02

Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді

 

         Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде кедендік және салықтық тексерістер аясында кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша семинар өткізілді.

      «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сәтті жүзеге асуы үшін салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсартуға бағытталған шаралар елеулі мәнге ие. Бірінші кезекте салықтық және кедендік жүйелердің бірыңғайлануы қажет. Салық салу мақсатында импорттаушы тауарды жеткізген күннен бастап, оның Қазақстан аумағында өткізілгендігіне дейін қадағаланады.

Қазіргі таңда құжаттар нысанын унификацияландыру негізінде салықтық және кедендік тексерулер процедуралары оптимизациялануда. Болашақта тексеру нәтижелерін рәсімдеу бойынша бірыңғай бап қарастырылған. 2016 жылдың соңына дейін салықтық және кедендік тексерулердің және борышкерлермен қарыздарды өндірудің бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілетін болады.

    

             Кедендік және салықтық тексерулерге шағымдану процедурасы бірыңғай болуы тиіс.

Сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары кедендік декларациялауда, Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексіне, «Салық және басқа да міндетті төлемдер және кедендік реттеу туралы» қабылданатын күтілетін  ҚР Кодексіне және кедендік әкімшілендіруді оңайлату бойынша іс-шара жоспарын жүзеге асыру кезіндегі жаңашыл өзгерістермен таныстырылды.

 

Түсіндіру жұмыстары басқармасы