Салық кодексінің 571 бабының 5 тармағына сәйкес, Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы Шешімді салық төлеушiнің орналасқан жері бойынша салық органы:
1) осы баптың 4-тармағының 1), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған күннен бастап;
2) осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;
3) салық органы соттың салық төлеушiні жалған кәсіпорын деп тану туралы заңды күшіне енген үкімін не қаулысын алған күннен бастап;
4) салық органы соттың дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
Ал, осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген екінші салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етілген айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарады.
Сонымен қатар, салық кодексінің 270 бабының 4 тармағына сәйкес, кодекстiң 571-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші, осындай есептен шығару жүргізілген есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салық кезеңінің басынан бастап оны осындай есептен шығарған күнге дейінгі кезең үшін толтырылады.
Тарату декларациясын, Салық кодексінің 68 бабының 3 тармағына сәйкес, салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тиісті салық органдарына өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етеді, және өзімен бірге ҚҚС төлеушісінің куәлігі болуы қажет.
Жоғарыдағы көрсетілгендермен қатар, Салық кодексінің 571 бабының 9 тармағына сәйкес, Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
Оспанова Шолпан,
Қызылорда облысы бойынша МКД
ҚҚС әкімшілендіру және аудит
бөлімінің бас маманы