Жарияланған күні: 29.08.2016 17:12
Өзгертілген күні: 29.08.2016 17:14

Конституция күніне арналған салтанат

        Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді.

        Салтанатты іс-шара мемлекет пен әрбір азамат үшін маңызды құжат ҚР Конституциясының жазылу тарихынан дерек беретін баяндамамен басталды.

             Мұнан соң Департамент басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев қызметтегі жетістіктері үшін бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Ұжымды және мерзімінен бұрын шен алған. Құрмет грамотасымен марапатталған қызметкерлерді құттықтады.

   

        Мемлекеттің басты заңын ұлықтаумен қатар, қызметкерлерді рухани кісілікке тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу мақсатына да арналған салтанатта аға ұрпақ – тәлімгерлер қатарынан «Әуежай-Қызылорда» кеден бекеті басшысының орынбасары Мұхан Қожанбай құттықтау лебізін білдірді. Сонымен қатар, жастар атынан сөз сөйлеген Қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарды тергеу басқармасының бас маманы – аға тергеуші  Ерлан Қасқырбайұлы адал қызмет етіп, лайықты тұлға болып өсуге қатарластары атынан сенім білдірді.  

         

 

Түсіндіру жұмыстары басқармасы