Жарияланған күні: 03.11.2016 17:10
Өзгертілген күні: 03.11.2016 17:12

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде облыстың бизнес өкілдерінің қатысуымен консультативті кеңес мәжілісі болып өтті.

Кеңестің кезекті басқосуында «көлеңкелі» экономикамен күрес мәселесі қаралды. Экономикалық тергеу қызметінің басым бағыттарының бірі, мемлекеттің экономикасына айтарлықтай залал  келтіретін заңбұзушылықтар жалған кәсіпкерлікпен байланысты. Осы тақырыпты «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының бас маманы, аса маңызды істер жөніндегі аға офицер Дәулет Алмасұлы Күдебаев кеңінен ашып, мазмұнды баяндама жасады. «Жалған кәсіпкерлікті әшкерелеу, онымен күресуде барлық құқық қорғау, мемлекеттік бақылау органдары тарапынан бірлескен іс шаралардың нәтижелері жалған кәсіпкерлікке қарсы іс-қимылдың тиімдігін арттыратыны сөзсіз» - дей келе,  Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен 2016 жылдың 9 айында жалған кәсіпкерлікке қарсы атқарылған жұмыстарына шолу жасады. Атап айтқанда, жалған кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларды әшкерелеу, құрықтау мақсатында атқарылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында 56 қылмыс тергеу өндірісіне алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексерумен 37 қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданған.

Қазбекова Светлана Жәнібекқызы,

Түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы