Жарияланған күні: 10.05.2017 15:33
Өзгертілген күні: 10.05.2017 15:34

       

         Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күні мерекелеріне арналған салтанатты жиын өтті.

          Салтанатты мерекеге жиналғандар ерлігі мен өрлігі аңызға айналған Жеңіс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

          Департамент басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев қызметкерлерді ұлық мерекелермен құттықтап, қызметте табыс тіледі. Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 тоқсаны қорытындысымен негізгі қызмет көрсеткіштері бойынша департаменттің республикалық рейнитгте екінші орын алуымен құттықтап, осындай  жетістіктегі әрбір қызметкердің үлесін атап өтті. Мұнан соң департамент басшысы кеден қызметінің ардагері Төлепберген Сералиевке ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мерекелік медалін табыс етті.

           Салтанатты жиын соңы құттықтау шараларына ұласты. Департаменттің кәсіподақ комитетінің төрайымы Мария Искакова бірнеше қызметкерлердің қоғамдағы белсенділігін облыстық кәсіподақ комитетінің  Алғыс хатымен және сыйлықтармен атап өтті.

          Мұнан соң сахна төрі өнерпаз қызметкерлерге берілді. Мерекелік көңіл күйді қызметкер қыз-келіншектер орындаған әсем би мен көңілді ән жалғады, орынды қалжыңдар мен ойындар орындалды. Әсіресе балалардың әкелеріне арналған бейне құттықтауы қызметкерлер үшін жағымды тосынсый болды.

 

Түсіндіру жұмыстары басқармасы