
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталықтың (бұдан әрі – ҚР ҰКО) қызметін жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 51 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Стандарттың 9-тармағы 2) тармақшасымен анықталған бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер ҚР ҰКО тіркеу куәлігін алу үшін мына құжаттарды ұсыну керек:
- порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның интеграциялық ақпараттық жүйе арқылы алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы стандарттың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге (заңды тұлғадан және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерден) өтініш;
- көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
- көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсынуға және сенімхатпен айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігінің көрсетілуімен көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат;
- жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерге ҚР ҰКО тіркеу куәліктері жеке тұлғаларға арналған үлгі бойынша беріледі. Қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін заңды тұлғаларға арналған үлгі бойынша беріледі.