
Кәсіпкерлермен кезекті кездесуде
«Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы ұйымдастырған семинарда ҚР «САлық және басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне» 2016-2017 жылдарда бизнес суюъектілері қолдануы тиіс өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды.
«Даму» АҚ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бухгалтерлік және салықтық есептерді жүргізу мәселелері бойынша кеңесшісі Роза Ибраева қатысушыларды экспорт және импорт амалдары бойынша және қосымша құн салығына 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2017 жылдан бастап тауарларды сату мен қызмет көрсетуден айналымы 3234 есе АЕК құрайтын субъектілер үшін енгізілген электронды шот-фактураларды сайтта тіркеу және жүргізу тетігін түсіндірді.
Мұнан соң, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Түсіндіру жұмыс бөлімінің басшысы Жақсылық Бабасов Кодекске енгізілген және бірқатар өзгерістерді таныстырды. Оның ішінде, өз тауарларын патент негізінде декларациялау барысында қолданылатын барлық арнаулы салық режимдеріне, жеңілдетілген және жалпыға бірдей есеп нысанына, Жеке кәсіпкерлікті ашу, тіркеу және жабу тәртібіне, Салық төлеушінің кабинетімен жұмыс жасау тәртібіне тоқталды.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап акциздік тауарлар және мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін қолданысқа енгізілген бақылау касса машиналарын пайдаланудың жаңа тәртібін еске салды. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн тәртіппен деректерді тіркеу қабылеті бар БКМ қолданушылар аясы кеңейе бастады.
Семинар барысында салық төлеушілер өздерінің бірқатар сұрақтарына жауап алды.
Қызылорда қаласы бойынша МКБ