Жарияланған күні: 13.02.2017 17:16
Өзгертілген күні: 13.02.2017 17:17

 

         Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде ерекше салтанатпен шығарып салу рәсімі өтті.

       Облыстың қаржы, салық саласына ұзақ жылдар еңбек сіңірген қайраткер, департаменттің талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Көбенова Тоқтасын Бегейқызы құрметті зейнет демалысына шықты.

        Департамент басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев туған күн иесінің еңбек жолы мен жетістігін қысқаша баяндап берді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамотасын, ұжым атынан құттықтау адресатын тапсырып, ардагер қатарына қосылғанын айғақтайтын шапан мен орамал жапты.

         Бұл күн Тоқтасын Бегейқызына арналған ілтипат сөздер мен әсем гүл шоқтары жауған күн болды. Әріптестер К.Тлесбаева, Т.Қожаназаров әдемі тілектерін жаудырса, кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Искакова кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты мен сыйлығын тапсырды. Тоқтасын Бегейқызының бала кезінен бастап бүкіл өмірін өрнектеген фотолар слайды емен-жарқын жағдайда өткен кездесудің ажарын аша түсті.

          Кеш соңында мерейлі мереке иесі өзінің салық саласындағы қызметінде жетістікке жетуіне әсер еткен әріптестеріне ризашылық білдіріп, әр жылдардағы әсерлі сәттермен бөлісті.

 

Б.Орданова

Қызылорда облысы бойынша МКД

бас маманы