Жарияланған күні: 09.04.2020 15:51
Өзгертілген күні: 09.04.2020 15:57

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

1 сәуір  2020ж.                                                                                            Нұр-Сұлтан қ.

Әлеуметтік төлемдерге табыс салығы салынады ма

 

Еліміздегі төтенше жағдайдың орын алуына байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа әлеуметтік төлем тағайындалған.

Бұл әлеуметтік төлемдер салықтандырылады ма? ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті осы тақырыпта түсіндірме берді.

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 (2020 жылғы 29 наурыздағы № 114 бұйрығын ескере отырып) бұйрығыменбекітілген, Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және жеке тұлғаларға, алатын кірістері жұмыстарды орындау (қызметтеркөрсету) бойынша азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар болып табылатын, олар үшін салық агенттері төтенше жағдай кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын төленген,  әлеуметтік төлемді төлеу жүзеге асыру туралы Ережесіне сәйкес аталған тұлғаларға әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу  туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 33-бабында баяндалған редакциясында қолданылатын Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес, жекетұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан Мемлекеттікәлеуметтіксақтандыру қорының әлеуметтік төлемдері алынып тасталады.

Демек, осы әлеуметтік төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  асырылатындықтан, жеке тұлғаның кiрiсiнен алынып тасталады.

Сәйкесінше, аталмыш әлеуметтік төлемдерге жеке табыс салығы салынбайды.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

8 (7172) 71 85 56,

71 71 16, 70 99 40