Жарияланған күні: 06.04.2016 10:06
Өзгертілген күні: 06.04.2016 10:51

Мемлекеттік кірістер командасы – турнир жеңімпазы

 

         Қызылордада облыстың қаржы саласын ұзақ жылдар табысты басқарған тұлға, ҚР еңбек сіңірген экономисі Камал Шөкеновты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Бес жылдан бері дәстүрлі  өткізіліп келе жатқан аяқ доп жарысына облыстың қаржы, банк, экономика саласы мекемелерінен 12 команда қатысты.

         Облыстық қаржы басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған жарыс 2 күнге созылды және аса тартысты өтті.  

          Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  командасы айналмалы жүйемен өткен тартыста 3 команданы артқа қалдырды. Жартылай финалда Жалағаш ауданының құрама командасын 3х2 есебімен жеңген мемлекеттік кірісшілер ақтық алаңда Ұлттық банктің облыстық филиалымен кездесті. Негізгі ойында есеп аша алмаған аяқ допшылардың бәсекесін пинальти шешті.

        

           Мемлекеттік кірістер департаментінің қақпашысы, Экономикалық тергеу қызметінің бас маман – аға офицері Қалиев Нұржан финалдық ойында қырағылық танытты.  Ал шабуылшы  Абдыкамалов Мақсат  сәтті соққан доп командаға жеңіс әкелді.

          Команда болып ойнаудың шеберлігі арқасында Қызылорда облысы бойынша МКД командасы турнир жеңімпазы болды. Сонымен қатар, турнирдің «Үздік шабуылшысы» болып  Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маманы  Мақсат  Абдыкамалов танылды.

          Жеңімпаздар мен номинанттарға турнир Кубогы мен грамоталары және бағалы сыйлықтар тапсырылды.