Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында мемлекеттік қызметтің сапасын жетілдіру және мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі талаптарына сай болу тақырыбына арналған мәжіліс өтті.
Жиынды басқарма басшысы Б.Дүйсенов ашып, басқарманың 2016 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарына қысқаша тоқталды, жұмыстың орындалу барысы бойынша бірқатар талдауларды жариялады. Қоғамның өзекті тақырыбына айналған сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу шараларына, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысында және жұмыстан тыс уақыттарда Әдеп кодексі талаптарын сақтауына қатаң көңіл бөлу керектігіне айрықша тоқталды.
Салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызмет көрсетуші тұлғаларға қызмет көрсету барысында дөрекілік, өзімшілдік танытпауға, мемлекеттік қызметшінің атына кір келтіретін теріс қылық жасамауға, жұмыс барысында Еңбек тәртібін қатаң сақтауға қатысты пікір айтылды.
Күнделікті ондаған, жүздеген тұтынушымен тікелей байланыста болатын мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері үшін өздеріне жүктелген функционалдық мендеттерін заң талаптарына сәйкес орындау және тәртіп пен мәдениеттілікті үнемі бақылауда ұстап отыру керектігін, басқарма басшысы қатаң тапсырды.
А.Ағыбаев,
Арал ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы