
Мерекелік салтанат және марапат
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 2016 жылғы 12 тамызда баспасөз құралдарын қатыстыра отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл, Қазақстан Республикасының кеден, салық органдарының құрылғанына 25 жыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының құрылғанына 2 жыл толуы қарсаңында салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті.
Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы атына құттықтау департамент басшысы Серік Мұстафаев, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында департамент қызметкерлері алдында кеден, салық, экономикалық қылмысқа қарсы күрес органдарының қалыптасу кезеңдері туралы мекеменің ардагерлері Әділхан Есболғанов, Боранбай Пржанов, Рахима Абдукаримовалар сөз сөйледі.
Сонымен қатар, кірістер департаментінің тарихы жайлы және 2 жылда атқарылған жұмыстар нәтижесі туралы Адам ресурстары басқармасының басшысы Мұрат Жәденов таныстырып өтті.
Департаменттің, департаментке қарасты басқармалардың үздік қызметшілері мен ардагерлері мемлекеттік кірістерді жинау бойынша жоғарғы көрсеткіштері, тиімді кедендік және салықтық әкімшілендіру, экономикалық және қаржылық саладағы қылмыстарды анықтағаны және алдын-алғаны үшін марапатталды.
Атап айтқанда, ҚР Қаржы министрлігінің құрмет грамоталарымен Гүлсара Қарымсақова,Мейрамбек Юсупов, алғыс хаттарымен Берік Ниеталиев, Бейбіткүл Масаевалар марапатталды.
Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі төсбелгілерімен Гүлжамал Шортанбаева, Сәкен Мырзабек, Марат Жұманов, Талғатбек Сыздықов, Ақылбек Келмановтар марапатталды. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер комитетінің, департаменттің, облыс әкімдігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Бұнымен қоса, кеден блогының қызметкері Жорабеков Нұрлыбек Ресей әскери теңіз флотының ардагері медалімен наградталды. Департаменттің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Ғани Сейтжанұлы және Ермұрат Зейнешовтар біліктілік сыныптары мерзімінен бұрын табыс етілді.
Концерттік нөмірлерді Қызылорда қаласының жергілікті артистері ұсынды.