Жарияланған күні: 18.03.2020 16:59
Өзгертілген күні: 18.03.2020 17:01

Елімізде, COVID-19 короновирусына қатысты төтенше жағдай жарияланды. Сондықтан, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.

Осы орайда, облысымыздың барлық тұрғындарын, оның ішінде мүлік, жер және көлік салығын төлеушілерін мемлекеттік кірістер органдарымен байланысты қашықтықтан, яғни электронды түрде, телефон және әлеуметтік  желілер арқылы жүргізуді ұсынамыз.

Тұрғындар салық сомасын үйден шықпай, смартфон немесе дербес компьютер арқылы kaspi.kz, halyk.kz мобильді қосымшалары арқылы төлей алады. Біздің www.kgd.gov.kz ресми сайттағы «Электрондық сервистер/Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтері» бөлімінде немесе www.egov.kz "Электрондық үкімет" порталындағы "Салықтар және қаржылар"/”Салықтық қарыздарды көру және төлеу” бөлімінде анықтауға толық мүмкіндік қарастырылған.

 Сұрақтар мен кеңес алу үшін Департаменттің Байланыс орталығының /7242/ 23-55-45, 23-83-90, 23-88-10 телефондарына немесе www.kzl.kgd.gov.kz сайтындағы жауапты қызметкерлердің байланыс нөмерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Қызылорда облысы бойынша МКД