Жарияланған күні: 11.05.2015 12:12
Өзгертілген күні: 11.05.2015 12:19

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінде «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!»  акциясының алғашқы қорытындысы өтті.

2015 жылдың 6 мамырында Қызылорда облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінде  «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының алғашқы айының қатысушылары арасында ұтыс ойындары өткізілді.Оған қоғамдық ұйым, «Нұр Отан» партиясы өкілдері, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы, облыстық ішкі саясат басқармасы қызметкерлерінен құрылған комиссия мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Өткізілген ұтыстар ойыны   отырысын ашқан департамент басшысының орынбасары Қалдарбеков Мұса Оспанұлы «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы туралы қысқаша тоқталып, қатысушылар мен комиссия мүшелеріне бұл акция туралы түсініктеме берді. Яғни, «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы аумағында 2015 жылдың 1 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында өткізілетін жалпы республикалық іс-шара екендігі және       Акцияның негізгі мақсаты:

  • азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық мәдениетін көтеру;

  • Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша салық төлеушілерді және қоғамды бақылау-касса машиналарын пайдалану талап етілетіндігін ақпараттандыру;

  • бақылау-касса машинаны қолдану арқылы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейту;

  • көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту;

  • кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекені ынтыландыру.

         Акция өту барысында желтоқсан айына дейін ай сайын құнды сыйлықтар ойнатылуы жоспарланған.

     Акция үш кезең бойынша өтеді:

- бірінші кезең аудан деңгейінде, қала ішіндегі аудандарды қоса алғанда,

- екінші кезең облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалаларда;

- үшінші кезең республикалық деңгейде.

Акция жеңімпаздары купондарды кездейсоқ ойнату жолымен жариялы түрде анықталады-,деп әрі қарай департаменттің Камералдық бақылау басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Тастаев  қатысушыларды комиссия мүшелеріне таныстырды.

Негізі барлығы 2015 жылдың сәуір айында чекке айырбасталған купон саны облыс бойынша барлығы -1512.  Акцияның жүргізілу барысында барлық аудандар және Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары жақсы ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізді. Атап айтсақ, Жаңақорған ауданында-454, Арал ауданында-251, Сырдария ауданында -226 ең көп купон жиналған.

          Үстіміздегі жылдың 1-5 мамыр аралығында облыстың  барлық аудандарында және Қызылорда қаласында сәуір айында жинақталған купондар бойынша  ұтыс ойыны жүргізіліп, әрқайсысынан бір жеңімпаз акцияның екінші кезеңі- Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жүргізілетін ұтыс ойынына қатысты.

            Қызылорда қаласы және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларымен берілген  купондармен ұтыс ойыны жүргізіліп, акцияның екінші кезеңінің жеңімпазы болып Арал қаласының №14 мектептің 7-А сынып оқушысы Кемалов Данияр ЖСН 020107500751 (Арал қаласы, Бөріқұлақ көшесі-36 үй  тұрғыны) танылды.

Акцияның екінші кезеңінің жеңімпаздары мен барлық  қатысушыларын  Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.