Жарияланған күні: 16.11.2015 12:40
Өзгертілген күні: 16.11.2015 12:41

         Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстанның Ұлттық валютасы – теңге күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

         Департамент басшысы Серік Мұстафаев ұжым мүшелерін қаржыгерлер мерекесімен құттықтады.

         Мерекеге орай бірнеше қызметкерлердің елеулі еңбегі аталып өтті.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет Грамотасымен Талғат Төлегенов,  Нұрдаулет Ергешов марапатталды.

         Департаменттің Құрмет грамотасына  басқарма басшысы Б.Акжігіт, кеден бекетінің бас маманы Ғ.Тағыбергенов, ЭТҚ тергеушісі Н.Рахметов, қала және аудан бойынша басқармалар өкілдері  Н.Амангелдиев  пен  Ж.Боранкұлов ие болды. 

         Қазақстанның  ұлттық валютасы – теңге 1993 жылдың 2 қарашасындағы Қазақстан Республикасы  Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығымен қолданысқа енді.

         Бүгінгі күнге теңге сақтандыру элементтері мен дизайны жөнінен әлемнің алдыңғы қатарлы  валюталарына теңеседі және өзінің тұрақты курсын айқындады.