Жарияланған күні: 21.12.2015 12:29
Өзгертілген күні: 21.12.2015 12:30

       Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Тәуелсіздік күні мерекесі салтанатты атап өтілді.

              Департамент басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев  кіріспе сөзінде тәуелсіздіктің ұрпақ үшін маңызы мен береріне тоқталды.

        Мұнан соң басқарма басшысы Әли Майхиев «Тәуелсіздіктің биік шыңдары мен жетістіктері» тақырыбында баяндама жасады.

        Департамент қызметкерлерінің орындауындағы әндер мен өлеңдер тәуелсіздіктің тақырыбына  ерекше әр берді, және қатысушыларға патриоттық рух сыйлады.

         Салтанатты әуен сүймелдеуімен бірнеше қызметкерлерге қызметтегі жетістіктері үшін марапаттар тапсырылды.

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының Құрмет  грамотасымен бөлім басшысы   Ертанова Гүлмира, «Алғыс хатымен»  бас маман   Өтеулиев Зейнулла  марапатталды.  Экономикалық тергеу қызметінің басқарма басшысы  Зейнешев Ермурат Сарканұлы мерзімінен бұрын ІІ санатты  біліктілік сыныбын алды.

         Департамент басшысының Құрмет грамотасымен 12 қызметкердің, Алғыс хатпен  5 қызметкердің еңбектері атап өтілді.