Жарияланған күні: 03.05.2016 15:48
Өзгертілген күні: 03.05.2016 18:10

Әріптестердің  ширек ғасырлық мерекесі

 

         Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті сыр өңірінің айнасы, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасын 25 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады.

         Облыстың барлық тыныс-тіршілігінің ақпарат көзі бұл арна мемлекеттік кірістер органдарының да қызметін жарақтандыруда үлкен еңбек сіңіріп отыр. Апта сайын эфирге шығатын «Салық пен Халық» телебағдарламасы - халықты құқықтық сауаттандыруда, салықт ық мәдениетті көтеруде  өзіндік бейнеқұрал.

         Департамент басшысының орынбасары Әділбек Бекішев телеарна  ұжымын мерейлі мерекесімен құттықтады. Департамент басшысының құттықтау хатын  тапсыра отырып, телеарна директоры Қарабала Жағыпар Аманжолұлына өзара тиімді әрі кәсіби деңгейі жоғары  қызметті жүзеге асырып отырғаны үшін  алғысын білдірді.

          Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында өткен телеарна туған күніне арналған  салтанат, бір кездері өнер баспалдағын облыстық телеарна ұйымдастырған байқауларда бастаған, қазір есімі республикаға мәлім өнер шеберлерінің концертіне ұласты.

 

Қызылорда облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы