Әріптестің жоғары марапаты
Қазақстандық беделді мелиабірлестіктердің бірі «Қазақстандық бас редакторлар Клубы» бүгін Астанадағы Комфорт отельде әріптестерді журналистика күнімен құттықтады. Бас редакторлар клубының Президенті Бибігүл Жексенбай журналистер мен баспасөз хатшыларының ақпараттық ортаны дамытуға қосқан айрықша үлесін атап өтті, олардың еңбектеріне табыс пен шабыт тіледі. Сонымен қатар, бірнеше журналистер мен баспасөз қызметтерінің басшыларына дәстүрлі марапттап тапсырды.
Алғыс хатпен марапатталғандар қатарында біздің әріптесіміз – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз хатшысы Райхан Капсалямовна Шарипова бар. Жиналған журналист қауымын депутаттар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері және бірнеша басылымдардың бас редакторлары құттықтады.
Мерекелік шара дастархан басында жалғасты. Ұйымдастырушылар - «CINAN» ақпараттық агенттігінің өкілі Доган Йылдыз және ҚР бас редакторлар Клубы.
Райхан Капсалямовнаны жоғары марапатымен құттықтаймыз, еңбегіңіз жансын!
Қызылорда облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыстары басқармасы