
Құрметті салық төлушілер !
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 472 бабының 3 тармағына сәйкес бұрын лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін төлейді деп көрсетілген.
Алымның сомасы
-Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін -100 АЕК;
-Аудандық маңызы бар қалаларда және кенттер үшін -70 АЕК;
-Ауылдық елді мекендерде үшін -30 АЕК.
Аталған алым сомасын мерзімінде (яғни 20 шілдеге дейін) төлемеген салық төлеушілерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 282 бабының 8 тармағына сәйкес төмендегідей шара қолданылатындығын жеткіземіз:
-кіші бизнес субъектілеріне -150 АЕК;
-орта бизнес субъектілеріне -200 АЕК;
-ірі бизнес субъектілеріне -700 АЕК көлемінде айыппұл салынып лицензияның қолданысы тоқтатылады.
Лицензиялық алымды төлеген соң лицензияны қайтадан қолдануға болады.
Осыған байланысты барлықтарыңызды салық заңдылығын қатаң сақтап белгіленген салықтармен алымдарды уақытысында төлеуге шақырамыз.
Толық ақпаратты 23-52-09 телефонынан алуға болады.
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті