
Құрметті салық төлеушілер!
Алкоголь өнімдерін өткізу бойынша лицензия үшін жыл сайынғы төлемді 20-шы шілдеге дейін төлеу қажет екендігін еске саламыз.
Лицензиялық алым мөлшері бөлшек саудада сату үшін: ауылдық округтерде – 30, кенттерде – 70, қалада – 100 айлық есепті көрсеткіш және көтерме саудада өткізу үшін 200 айлық есепті көрсеткіш боп белгіленген.
Мерзімінде және төлығымен төлемеген жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығын ескерте отырып, салық міндеттемелерін толық және уақытылы орындауға шақырамыз.
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті