Бүгінгі күнге, вирустың таралу қаупіне байланысты Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер органының жұмысы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бекітілген «Көлік құралдарының салығы, мүлік салығы және жер салығы сұрақтары бойынша салық төлеушілерге қызмет көрсету регламентіне сәйкес, электронды түрде көрсетуге жатпайтын жер, мүлік және көлік құралдары салығын есептеу, сұрақтарына қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету 2 тәсілмен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда:
- www.kgd.gov.kz сайтындағы контакт-центр нөмірлеріне телефон соғу арқылы;
- Skype арқылы Логин:cid.967283a346d8e1aa
Егер салық төлеушінің мәселесі келуді қажет еткен жағдайда, салық төлеушіге мемлекеттік кірістер органына келу күні мен уақытын Комитеттің https://kgd.gov.kz/ru/services/online-reservation порталы немесе "Е-salyg" мобильді қосымшасымен брондау арқылы мемлекеттік кірістер органына жүгінуіне болады.