Салық кодексінің талаптарына сәйкес, артық төлемі бар салық төлеуші мұндай сомаларды бюджеттен қайтаруды сұрауға құқығы бар. Сонымен қатар, бюджетке артық төленген сомаларды салықтың басқа түрінің берешегіне немесе алдағы төлемнің, яғни мерзімі алдағы уақытта келетін міндеттеменің есебіне есепке алу мүмкіндігі бар.
Бүгінгі таңға «Жеке шоттан үзінді көшірме алу» және «артық төленген салық пен төлемді есепке алу және қайтарып алу» шараларын толықтай автоматты түрде атқару мүмкіндігі қарастырылған.
«Жеке шоттан үзінді көшірмені алу» немесе «артық төленген салық пен төлемді есепке алу және қайтарып алу» үшін салық төлеуші (заңды және жеке тұлағалар) интернет желісі бар кез келген өзіне ыңғайлы орыннан электронды қолтаңба арқылы «Салық төлеушілер кабинетінен» тиісті өтініш нысандарын толтырып ұсынады. Үзінді көшірме алуға берілген өтініш бір жұмыс күні ішінде автоматты түрде өңделсе, артық төленген салық пен төлемді есепке алу және қайтарып алу туралы өтініш он жұмыс күні ішінде қаралады.
Бұнымен қоса, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерге сұрау салу шарасы да электрондық нысанда жүзеге асырылады. Бұл ретте, келесідей сілтеме арқылы:
салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органына "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы арқылы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жіберілген сұрау салуы бойынша үш жұмыс күні ішінде электронды түрде алынады.
Қазіргі таңдағы шектеулерді ескере отырып, азаматтардың денсаулығы үшін профилактикалық шаралардың бірі ретінде бұл қызмет түрлерін алу мақсатында кірістер органдарына келместен, тек электронды түрде алу қажеттігін жеткіземіз.
Сұрақтар туындаған немесе түсіндірме қажет болған жағдайда 23-55-87, Call орталығы 1414 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің Мемлекеттік
қызмет көрсету басқармасы